200327233804371e

Атырауда коронавирусқа шалдыққандар енді не істейді?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар 14 күн ем алады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, стандарттық емдеу хаттамаға сәйкес тағайындалған. Қазір лопиновир, ритонавир препараттары қолданылуда.

«Вирусқа қарсы бұл дәрі-дәрмекті күніне екі рет көктамырға егу арқылы ем жасайды. Індетті жұқтырғандар осы емді 14 күн алады» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150-ге жетті. Оның үшеуі – Атырау облысында тіркелген.

«ҚазАқпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған