Атырауда коронавирус жұқтырған науқастар №2 облыстық ауруханасына жатқызылды (+ФОТО)
Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық ауруханасында жалпы саны 21 адам жеткізілген.
Олардың ішінде короновирус жұқтырған 4 науқас бар болса, төртеуі – провизорлық орында жатқандар. Ал, қалған 13 науқас – короновирус инфекциясы анықталған адамдармен байланыста болғандар.
— Облыста коронавирус инфекциясы нақты тіркелгенге дейін №2 облыстық ауруханасында емделуші өзге инфекциялық науқастар жас белгілеріне байланысты облыстық ауруханаларда құрылған «жұқпалы аурулар» бөліміне ауыстырылды. Олардың ішінде 15 жасқа дейінгілер Атырау облыстық балалар ауруханасына, 15 жастан кейінгілер облыстық ауруханаға орналастырылған. Яғни, осыған дейінгі емделушілер мен короновирус инфекциясын жұқтырған адамдар арасында байланыс болған жоқ, — деп түсіндірді облыстық жедел медицина станциясы директорының орынбасары Ерлан Сүйеуғалиев.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс көлемінде жұқпалы індетті жұқтырған адамдарды емдейтін 130 кереует бар. Ал, прозизорлық орындарда 280 провизорлық кереует жасақталған. Сонымен қатар, 1910 карантинді стационар құрылған.
«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»