Барлығы 2416: Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 92 адамға жетті
Аtr.kz/25 сәуір, 2020 жыл. «Бүгін таңмен Атырауда тағы да төрт адамнан қауіпті инфекция табылды» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.
Науқастардың үшеуі 1960, 1970, 1993 жылы туған ер адамдар және 1989 жылы туған әйел адам. Бұған дейін науқас адамдармен байланыста болғаны үшін оқшауланған бұл азаматтардан зертханалық сынамалар алынған еді.
ПЦР диагностикалық зерттеу нәтижесінде Covid-19 инфекциясы расталды.
Бүгінде науқастармен байланыста болған адамдар оқшауланды. Қазіргі таңда олар медициналық бақылауға алынды. Инфекция ошақтары толықтай зарарсыздандырылуда.
Кеше кешкісін дәрігерлер бұған дейін карантинде болған төрт атыраулықтан қауіпті дертті анықтаған болатын.
25 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырауда Covid-19 инфекциясы расталған адамдар саны 92-ге жетті.
Ал, Қазақстан бойынша 2416 адам қауіпті дертке шалдықты. Оның ішінде 25 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. 604 қазақстандық толықтай емделіп шықты.