Атырауда Көрісу күніне жылжымалы концерт өтті

img 20220314 wa0049 Жаңалықтар

Аймақ тұрғындары «Наурыз» мейрамын тойлауды бастап кетті.

Атадан мұра болып келе жатқан салт бойынша 14 наурыз күні «Көрісу» немесе «Амал мерекесі» деп тойланып келеді.

Осыған орай қаламызда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Амал келді – жыл келді» атты жылжымалы концерт өтті.

  • – Биыл халықты бір жерге жинамау мақсатында сақтық шараларын сақтай отырып, жылжымалы сахна ұйымдастырылды. Әртүрлі концерттік бағдарламалар көрсетіліп, қазақы салт-дәстүрлерімізді халыққа насихаттағымыз келді,- дейді облыстық шығармашылық орталығы басшысының орынбасары Ғабит Қамалұлы.

     Аталған шара облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан бастау алып, қаламыздың орталық көшелерінде жалғасын тапты.

Нұрсұлтан НҰРСЕЙТ

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз