Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда қорапқа салып, тастап кеткен бала, кейін ата-анасы табылды

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл.  Атырауда қорапқа салынған 8-9 айлық бала табылды.

Қоқыс жәшіктерінің жанына тастап кеткен қораптан бала табылғаны жайлы әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлады. Бала Атыраудың Сары-Арқа шағын ауданында кеше кешкісін табылған. Куәгерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы көрінеді, киімі таза, жанына тамақтандыруға арналған бөтелке салынған. Полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, баланың табылғанын растады. Өзге ақпараттар іс анықталғаннан кейін жарияланатын болады.

20190409132640

Атырауда қораптан табылған баланың денсаулығы алаңдаушылық туғызбайды

«Кеше кешкісін Атыраудағы Сары-Арқа шағын ауданындағы қоқыс жәшіктерінің бірінің жанында қораптан табылған баланы медбикелер қарады. Баланың дені сау. Полиция қызметкерлері оның ата-анасын тапты. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button