Атырауда көпқабатты үй өртеніп, 7 адам құтқарылды
Бүгін, 30 мамыр күні 10:35 сағатта Атырау қаласы Сырым Датов көшесінде орналасқан 6 қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шыққаны туралы шақырту түсті.
Шақырту орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануын анықтады.
Департамент қызметкерлерінің күшімен 7 адам , оның ішінде 5 бала автосаты арқылы 5-ші және 6-шы қабаттан құтқарылды және де дәліз баспалдағы арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып 44 адам , оның ішінде 15 баланы эвакуациялады.
«Өрт салдарынан 30 шаршы метр көлемінде тұрмыстық заттардың жануы болды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде 30 минут ішінде адамдар құтқарылып және өрт жойылып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.