
Жаңалықтар
Атырауда көпірден секірмек болған әйел құтқарылды
Атыраулық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарды.
29 мамыр түнгі сағат 04:00 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде Орталық көпірдің ортасында белгісіз әйелдің суға секірейін деп тұрғанын байқайды.
Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жетіп, өз-өзіне қол жұмсамау үшін көпірден секірмекші болған 40 жастағы азаматшаны анықтады.
Жедел әрекет еткен полицейлер 4 минуттық профилактикалық келіссөз жүргізіп, азаматшаны өз еркімен көпірден кері шығуына көндірді. Қазіргі таңда 1983 жастағы азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.