Атырауда үздік жобаға конкурс жарияланды

77777 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Үздік жоба үшін грант ұтып ал! Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі жастарға мүмкіндік ұсынып отыр.

Басты талап – жоба әлеуметтік маңызға ие және табыс пен қайтарымға негізделген бизнес жобасы болуы керек. Конкурсқа 17 – 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бизнес жобаңыздың ролик, слайд түріндегі таныстырылымын #жарқынжастарғақатысамын# хэштегі арқылы әлеуметтік желіге жүктей аласыз.

Жүлде қоры – 450 000 теңге! Ендеше, 5 мамырға дейін өтініш қалдыруға асығыңыз!

«Аtr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз