Жаңалықтар
Атырауда көпбалалы аналар марапатталды
Ел Президентінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №232 Жарлығымен Атырауда 49 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері атанды.
Мемлекеттік наградаларды қала әкімі аппаратының басшысы Самат Жұмабайұлы арнайы табыстады.
«Тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі — отбасыда. Сондықтан, отбасы құндылықтарына ерекше мән беру қажет», — деп қала әкімі аппаратының басшысы Самат Жұмабайұлы аналарды құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған айрықша үлесі үшін өз алғысын білдірді.