журналистика2

Қаламгерге құрмет

Жаңалықтар Шаһар шырайы

журналистика

 Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар Дүйсембаев мерейлі жетпістің белесіне көтерілген Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, белгілі ардагер-журналист Айтқали Нұрғалиевті қабылдады.
Облыс журналистикасының қалыптасып, дамуындағы Айтқали Құмарғалиұлының дара қолтаңбасын ерекше атап өткен Ғұмар Ислямұлы «Саналы ғұмырыңызды бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне арнай отырып, саланың өркендеуіне зор үлес қостыңыз. Аймақтық тележурналистиканың бүгінгі деңгейге жеткенін де, сіздің үздік атқарған жұмысыңыздың нәтижесі деп білеміз» деп, мерейгерге облыс әкімінің атынан құттықтау хаты мен гүл шоқтарын, естелік сыйлығын тарту етті.
Осындай ізгі тілекті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов жалғап, кеңес атынан мерекелік сый ұсынды.
Қабылдау соңында Айтқали Құмарғалиұлы өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Айта кету керек, қазақ журналистикасында өзіндік орны бар Айтқали Құмарғалиұлы бүгінде бұл саладан қол үзбей, еңбек етіп келеді. Бұған дейін бірнеше еңбектің авторы атанған мерейгер бүгінде «Қазақстан» телерадио корпорациясының тарихына арналған энциклопедияның үшінші томын даярлау үстінде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.
Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған