Жарнама
Жаңалықтар

«Атырауда көп қабатты биік ғимараттағы өрт сөндірілді»

Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданында көп қабатты үйдегі өрт жедел сөндіріліп, құтқарушылар өз қызметтерін абыройлы атқарды. Бұл – сала қызметкерлеріне өрт-тактикалық жаттығу барысында берілген баға.

«Көп қабатты биік ғимараттарда өртті сөндіру» тақырыбында өткен жаттығудың басты мақсаты – өрт сөндіру бөлімдерінің биік ғимараттарда орын алған жалынды сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындығын пысықтау, тұрғындарды қауіпсіз көшіруді, жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлерде қалған тұрғындарды автосаты арқылы құтқаруды пысықтау, биік ғимараттардың тактикалық жағдайымен, конструкциялық ерекшеліктерімен танысу болды.

– Өрт-тактикалық жаттығуға 5 техника, 25 құтқарушы қатысты. Жаттығу соңында көрсетілген жұмыстарға талдау жасалып, барлық қатысушы нысанның тактикалық жағдайы мен ерекшеліктерімен танысты. Алға қойылған мақсаттар пысықталды, ал оқу-жаттығу кезінде жоспарланған тапсырмалар толықтай орындалды, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының қызметкерлері.

Асылым ЖАҢАЙ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button