Атырауда балаларға арналған бағдарламалау және цифрлық шығармашылық мектебі ашылды

img 20210730 wa0014 Жаңалықтар

          Атыраулық  кәсіпкер Жаклин Дәулетова Атырауда KIBER ONE халықаралық бағдарламалау және цифрлық шығармашылық мектебін ашты.

6-15 жас аралығындағы балалар бағдарламалау сайттарында, ойындарда, мобильді қосымшаларда ғана емес, сонымен қатар цифрлық білімдердің толық спектрінде: чат-боттарды құру, 2D және 3D графикасы, веб-дизайн, этикалық блог жүргізу бойынша білім ала алады. Және хакерлік, SMM, киберқауіпсіздік, интернетті жарнамалау, анимация негіздері бойынша білім беріледі.

            Аталмыш мектеп директоры Жансерік Шамановтың айтуынша, балалар дайын кейіпкерлер мен фондық кітапхананың арқасында қажетті нәтижеге жету үшін визуалды программалау тілдерін қолдана алады.

«Кішкентай балалар орыс тіліне аударылған түсінікті командаларды қамтитын қолжетімді Scratch бағдарламасы туралы білім алады. Оқуды әлі білмейтіндер үшін оқыту Minecraft -та жүргізіледі, бұл балаларға логика, математика, техника мен шығармашылықты үйретуге мүмкіндік береді, оларды жаңа ортаға шомылдырмайды. Еесектеу балалар кәсіби ойын платформаларында бағдарламалауды үйренеді, мысалы, Unity, ол код бөлшектерін, дайын кітапханалар мен дамыған кейіпкерлерді пайдалануға мүмкіндік береді» дейді спикер.

            Негiзгi құралдарды сатып алу арналған «Zed» ЖК жобасы Атырау қаласында «Сбер банк» АҚ ЕБ «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарлама аясында 14 пайыздық жылдық мөлшерлемемен субсидиялауға ие болды,  сыйақылау мөлшерлемесінен 6 пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасы мемлекетпен субсидияланады, Қордың кепілдігі несие сомасынан 85 пайызды құрайды.

 

Мектеп Атырау қаласы, Уәлиханова  көшесі 23А мекен-жайында орналасқан.

Байланыс телефоны +77071303939

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз