Атырауда көп балалы отбасы сайлауда таңдау жасады
«Шаңырақ құрғандарына он алты жыл толған Руслан Есбердиев пен Гүлвира Жакипованың отбасы бүгінде алты баланы тәрбиелеп отыр. Олар Атырау қаласындағы Балықшы шағын ауданында орналасқан №15 сайлау учаскесінде дауыс берді » деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Еліміздің тыныштығы, балаларымыздың болашағы үшін таңдау жасадық. Біз әр уақытта да сайлауға белсенділікпен қатысып келеміз. Және болашақ өмір жақсы болуы үшін, азаматтық позицияның маңызды екендігін отбасымызда балаларымызға айтып отырамыз» дейді алты баланың анасы Гүлвира Жакипова.
Жарасымды шаңырақ үлгісін көрсетіп отырған отбасының үлкен баласы он төрт жаста, кішісі 1,5 жаста.
Атап өту керек, Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына орай, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде 10 060 сайлау учаскесі құрылған. Ал, Атырау облысы бойынша 265 сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдауда. Онда 411 мың сайлаушы тіркелген. Облыстағы сайлау процесін халықаралық 7 байқаушы бақылауда