Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда коммуналдық қызмет арзандай ма?

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. 1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін Атырау облысының бірқатар елді мекенінде коммуналдық төлем тарифі кемітілді.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Наталья Дүйсемалиеваның айтуынша, төтенше жағдай мерзімінде төмендегі коммуналдық қызметтердің бағасы кемітілді:

-«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның ауыз сумен қамту қызметіне Атырау қаласы тұрғындары үшін текше метріне 92,63 теңгеден 83,37-ге дейін, немесе 10 пайызға;

-«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның  су тарту қызметі Атырау қаласының тұрғындарына текше метріне 32 теңгеден 28,8 теңгеге дейін немесе 10 пайызға;

-«Атыраужылуэлектрорталығы» ЖШС-нің қуат көзімен қамту қызметі Атырау қаласының тұрғындарына  4832,88-ден 4446,25 теңге/Гкал немесе 8 пайызға;

-«АтырауЭнергосату» ЖШС-нің қуат көзімен қамту қызметі облыс тұрғындары үшін 4,55 тен 4,46 теңге/кВтс  немесе 2 пайызға;

-«Жылыойгаз» ЖШС газбен қамту қызметі Жылой ауданы тұрғындары үшін 1 мың текше метріне 6857,70-тен 6651,97 теңгеге дейін немесе 3 пайызға;

-«Жылыойсу» МКК сумен қамту қызметі Құлсары қаласының тұрғындары үшін текше метріне 161,68 теңгеден 148,75 теңгеге дейін немесе 8 пайызға;

-«Жылыойсу» МКК су тарту қызметі Құлсары қаласының тұрғындары үшін текше метріне   90,96-дан 83,68 теңгеге немесе 10 пайызға.

Сонымен қатар,  Наталья Дүйсемалиева коммуналдық қызмет көрсететін  барлық мекемеге төтенше жағдай кезеңіне тұтынушыларға бережағына қарамастан қызмет көрсетуді тоқтатпауға ұсыныс жасады.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-tirkelgen-29-nau%d2%9basty%d2%a3-%d2%9bazirgi-zha%d2%93dajy-%d2%9balaj/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button