Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда көлікке «VIP нөмір» қанша тұрады?

Атыраудағы автокөліктердің ең қымбат «VIP нөмірлерінің» бағасы 1 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде автокөлікке арналған «vip номерлердің» сатыла бастағанына 10 жыл болды. «Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 2014 жылдан бастап сұранысқа ие «әдемі» нөмірлерді сату тәжірибесі енгізілген еді. Олардан келген табыс республикалық бюджетке түседі.

2023 жылы еліміз бойынша жоғарғы сұранысқа ие 30 мыңға жуық мемлекеттік нөмір сатылған. Сәйкесінше автокөлік иелері ел қазынасына 10 млрд теңгеден астам қаражат құйған. 

Облыс бойынша «VIP нөмірлердің» бағасы 210 444 теңгеден басталып, 1 052 220 теңгеге дейін барады. Өткен жылы атыраулық автокөлік иелері 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 080, 090, 707 сынды әдемі нөмірлерді жиі таңдаған. Биыл дәл осындай әр нөмірдің бағасы 210 444 теңгені құрайды.

Ал, 001 ААА 06 және 006 SSS 06 сериялы нөмірлер үшін 1 052 220 теңге төлеу қажет. Бұл қазіргі таңдағы облыс бойынша ең қымбат «VIP нөмірлер» саналады. Олардан басқа орта сомадағы 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 немесе 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 нөмірлерін таңдауға мүмкіндік бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button