ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда көлік жөндеу нысандары уақытша жабылады
Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. «Бұл туралы бүгін Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров № 52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
Яғни, көлік жуу, көлік жөндеу нысандары тек жұмысына рұқсат етілген ұйымдар мен кәсіпорындарға ғана сервистік қызметін көрсете алады.
«Ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне тыйым салынсын» делінген қаулыда.