Асанәлі Әшімов еңбек ері атанды

da2d1fc0 36f2 4291 97fd 3492fa034179 Жаңалықтар

Мемлекет басшысы театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

da2d1fc0-36f2-4291-97fd-3492fa034179

КССР мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімов көптеген рөлдері арқылы Қазақстанның танымал актеріне айналған. Әйгілі «Қыз Жібек» көркем фильмінен басталған киноиндустриядағы кесек образдары мен театр сахналарындағы теңдессіз актерлік шеберлігі арқылы аты аңызға айналған тұлға таяуда сексен жасқа толған-ды.

Көрнекті актер, режиссер, өнер қайраткері, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері, «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының төрағасы, ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне зор  үлес қосқан Асанәлі Әшімов – ұлағатты ұстаз, еліміздегі бірнеше жоғары оқу орындарының құрметті профессоры.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз