
Жаңалықтар
Атырауда көктайғақ салдарынан бірнеше жол жабылды
Бүгін, 27 желтоқсанда Атырау көшелерін жылтыр мұз басты. Осының салдарынан мұнайлы астанада көлік қозғалысы қиындап кетті.
Сондай-ақ, көктайғаққа байланысты облыстың бірнеше аудандарында көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылды.
Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. «Атырау облысындағы «Атырау-Индер» тас жолы көктайғақ салдарынан жабық. Сондай-ақ, Миялы-Сағыз тас жолында қар, көктайғақ болуы себепті жол жабылды», — делінген хабарламада.