Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда кинология қызметкерлері поштадағы сәлемдемелерді тексеруде

18 қаңтар күні Атырау облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері «Қазпочта» АҚ облыстық филиалында жөнелтуге дайын заттарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мақсат — Атырау облысы аумағына тыйым салынған (есірткі) және психотроптық заттардың келуіне жол бермеу, почта жөнелтілімдерінде заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу. 

«Жүргізілген профилактикалық тексеру нәтижесінде «Қазпочта» АҚ филиалында күдік тудыратын  заттар табылмады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button