ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда кімдерге баспана сыйлап жатыр?

Атырау облысында волонтерлер ақша жинап, жеті балалы отбасыға үй сыйлады.

Ерлі-зайыпты Талап пен Сара Альфаритовтар жеті бала тәрбиелеп отыр. Олар 30 шаршы метрлік баспанада тұрады. Отағасы Талап Альфаритов – екінші топтағы мүгедек, еңбекке жарамсыз. Ал, әйелі Сара жұмыс істемейді. Бала тәрбиесімен отыр. Отбасының үлкен қызының тәрбиесінде жалғыз бала бар. Ұлы – колледж студенті. Өзге балалары мектепте оқиды.

«Бұл отбасының тұрмысын зерттеп көрдік. Өздерінің баспана сатып алуға жағдайы көтермейді. Сол себептен, Индер ауданының еріктілері видео түсіріп, әлеуметтік желіге таратты. Бірнеше күнде үй сатып алуға қажетті қаржы жиналды. Баспана Индер ауданындағы Өрлік ауылынан сатып алынды. Өйткені, бұл отбасы осы ауылда тұрады. Сатып алынған үй жеті бөлмелі, барлық жиһазбен жабдықталды. Сондай-ақ, аулада гараж, монша бар. Үй дуалмен қоршалған», – дейді волонтер Асхат Тантаев.

Оның айтуынша, бұл қиналған жандар үшін сатып алынған алғашқы үй емес. Өткен жылы осындай көмек ауылдың өзге тұрғынына көрсетілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй берілгенін хабарлаған болатынбыз.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button