Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда кесарь тілігімен босанатын аналар қатары көбейіп барады

Atr.kz/ 8 сәуір, 2019 жыл. Атыраудағы облыстық перинаталды орталықта жылына 8  мыңнан астам сәби өмірге келеді. Бірақ, оның 19 пайызы кесір тілігі арқылы дүние есігін ашады екен.

Кесарь тілігі – жүкті әйелдің айы-күні жетіп, өздігінен босана алмаса немесе өміріне қауіп төнгенде баланы хирургиялық ота арқылы іштен жарып алатын әдіс. Аталаған хирургиялық әдіс қандай жағдайда қолданылады? Ана денсаулығына тигізер әсері қандай?

Атырау облыстық перинаталды орталықтың босану бөлімінің меңгерушісі Шмалина Айгүлдің айтуынша, әдетте, кесарь тілігі жедел және жоспарлы түрде жүзеге асады. 

Risunok1

«Көп жағдайда кесарь тілігінің жасалуына бала жолдасының төмен орналасуы немесе плацентаның ажырауы себеп болып жатады. Егер, әйел адам кесарь тілігіне жыл сайын жүгінетін болса, іш қуысында жабысқақ процесс басталып, ол варикоз ауруына шалдығуы мүмкін. Кейде, кесарь тілігінен кейін де табиғи жолмен босанатын аналар бар. Мысалы, бүгін бұрын кесарь тілігімен жеңілденген ана табиғи жолмен босанып, сәбиін кеудесіне басты» дейді ол. Яғни, мамандар кесір тілігінің ана саулығына зияны барын жасырмайды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, кесарь тілігімен босанушылар санының жыл санап көбейіп бара жатқанын байқауға болады. Бір ғана Атыраудағы облыстық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы 2016 жылы – 1500 операция, 2017 жылы – 1603 операция, 2018 жылы – 1641 операция жасалған екен.

IMG 3196
IMG 3214
IMG 3227
IMG 3235
IMG 3238

Фархад КАРАПИДЕНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button