Атырауда кейбір көше жолдары жабылып, ыстық су, жылу мен жарық ажыратылады (+ФОТО)
Аtr.kz/12 маусым, 2020 жыл. 14 маусым мен 18 шілде аралығында «Sarens Kazakhstan» серіктестігіндегі бес ірі габаритті технологиялық жабдық «АтырауӨзен» портынан Қарабатан ауылының маңындағы газ-химиялық зауыттың құрылыс алаңына жеткізілмек.
Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Нақтырақ айтқанда, ірі жүк 14, 21, 28 маусым және 5,12,19 шілде күндері тасымалданады. Жүк тиеген көлік Балықшы ықшамауданындағы Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датов, Элеватор, Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшамауданына өтіп, «Атырау-Доссор» тас жолына бағыт алады.
Осыған орай, жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін аталған көшелердегі кейбір бағдаршам немесе өзге де бағаналар алынып тасталады. Сондай-ақ, тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уакытша жабылады. Ыстық су және жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ