Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда Қазақстандағы екінші мал көмінділерін жою кешені ашылады

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл.  Нысан залалданған ірі және ұсақ малдарды, сондай-ақ, биологиялық қалдықтарды жоюға арналған, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз — қызметі.

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы пайдалануға беруге дайындалып жатқан нысанның құрылыс барысын тексерді. Кешен өткен жылдың тамыз айында салына бастаған болатын. Бұл жердегі жұмыстар 100 пайызға жақын орындалды.

— Кешенде мал қаңқаларын жою екі жолмен, яғни, химиялық және өртеу жолымен жүргізіледі. Нысан қала мен оған жақын елді мекендерден 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл аймақ санитарлық- қорғау аймағы болып саналады, дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жалелов.

Айта кетейік, мал көмінділерін жою кешені аумағында химиялық жолмен жою үшін жұмысшылар бетон құрылымымен қоршалған тереңдігі 11 метр болатын үш шұңқыр қазылған және ауру жұқтырған малдарды немесе сойған кезде қалған биологиялық қалдықтардың жағымсыз иістердің таралуын болдырмайтын пеші бар крематорий салынған.

Сондай-ақ кешеннің аумағында бақылау-өткізу пункті, құрал-жабдықпен, тұтынылатын отын сақтайтын қойма бар. Нысан аумағына міндетті түрде маскамен кіру қажет.

— Нысан қалаға өте қажет. Бұл Қазақстанда салынған екінші кешен: біріншісі Павлодарда жұмыс істеп жатыр. Егер бұрын ауру жұқтырған малдардың қаңқалары ашық түрде өртеу немесе көму арқылы жойылса, енді бұл үдеріс барлық санитарлық талаптарға сай жүргізіледі, дейді қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button