Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының кезектен тыс отырысы өтті

Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының кезектен тыс отырысы өтті.

Жиынға қатысқан топ мүшелері алдағы Президент сайлауының қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы маңызына тоқталып, ой-пікірлерін білдірді.  

         Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры, аталған ғылыми-сарапшылық топ төрағасының орынбасары Жанна Қыдыралина өз сөзінде ағымдағы жылдың 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ел экономикасының  қарқынды және тұрақты дамуына ықпал етіп, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыра түсетінін  атап айтты.

­         — Конституция бойынша Президент ­­­- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі. Елдің жаңаша дамуына жол ашатын бұл сайлау тұрақтылық пен ел экономикасының қарқынды дамуына кепіл болады. Мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу — еліміздің қарқынды дамуымен қоса, «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуына, әлемдік экономикаға бірігу үдерісін одан әрі жалғастыруына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Ел экономикасының қарқынды дамып, өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына, елдегі тұрақтылық пен біртұтастығын сақтауға бұл саяси науқанның маңызы жоғары, — деді ол.

         Атырау мұнай және газ университетінің физика-математика ғылымдарының докторы Дүйсенбек Құлжанов, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының проректоры, профессор Жамиляш Хасанова, аталған институттың педагогика ғылымдарының магистрі Әсел Ығыловажәне өзге де оқытушы-ғалымдар ой-пікірлерін білдірді.


Баянсұлу ТЫНЫБАЕВА,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалым хатшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты:
-Алдағы кезектен тыс Президенттік сайлаудың маңызын, ел дамуындағы алар орнын жастарға түсіндіріп, насихаттау біздің парызымыз. Университет жанында «Бірлік» бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды. Бүгінде оның оқытушылар мен студенттерден тұратын 670-ке жуық мүшесі бар. Олар да бұл науқанның жоғары деңгейде өткізуге атсалысатын болады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button