Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда карантин режимі сақталады

Аtr.kz/10 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, 2020 жылы 11 мамырда Атырау қаласында карантин режимі толықтай сақталады.

Облыс орталығының периметрі бойынша өткізу пункттері жұмыс істейді және бұрын қабылданған және қалаға кіру ережелері қолданылатын болады.

Рұқсат алған кәсіпорындар ғана жұмыс істей алады.

Облыстың бас санитарлық дәрігері тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін карантиндік шараларды сақтауды жалғастыруды сұрады. Қазіргі уақытта Атырау қаласының айналасында 4 блок пост орнатылған.

Бүгін Атырау қалалық әкімдігі 11 мамыр күні қоғамдық көліктердің қалпына келтірілетіні туралы хабарлаған болатын.

11 мамырда кешкі сағат 17:00 ден кешкі 20:00-ге дейін барлық 26 бағыттағы қоғамдық көліктер қалпына келтіріледі. Келесі күндері қоғамдық көліктерде жүру кестесі келесідей болады: 07: 00-ден 10: 00-ге дейін, 17: 00-ден 20: 00-ге дейін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button