COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Атырауда карантин режимі 1 мамырға дейін ұзартылды
Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Карантиндік режим 1 мамырға дейін ұзартылды.
Атырау облысы Бас санитарлық дәрігерінің өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша шаралары туралы қаулысы бойынша, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің қаулысына сәйкес, Атырау қаласында карантинді және шектеу шараларын 2020 жылғы 1 мамыр, сағат 7.00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, бұрын Атырауда карантин 15 сәуір таңғы сағат 7.00-ге дейін қолданыста болған еді.
Аман ШАМАР