
Атырауда карантин енгізілгелі жарақаттанушылар бес есеге азайды
Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Дәрігерлер облыс орталығы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулауының арқасында оң нәтижеге жеткізгенін айтады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Саин Шомиров айтуынша, егер карантин енгізілгенге дейін травматологиялық бөлімшенің дәрігерлері тәулігіне 150-ден 200-ге дейін пациенттерді қабылдаса, 27 наурыздан бастап күніне 30 адамға дейін қысқарған.

— Атырау тұрғындары коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша жергілікті билік қолданатын шараларға саналы түрде орындауының арқасында жарақат саны азайды деп сенемін. Жеке автокөлік қозғалысын шектеудің арқасында біз жол-көлік оқиғаларының санын және тиісінше апат салдарынан зардап шеккендердің санын азайтуға қол жеткіздік, — деді Саин Шомиров.
Дәрігерлердің айтуынша, облыс орталығы тұрғындарының барынша өзін-өзі оқшаулаудың арқасында ұсақ тұрмыстық жарақаттар саны қысқарған.