
Жаңалықтар
Атырауда карантин алынып тасталды
Сібір жарасы анықталуына орай «Асыл-Агро» мал базарында енгізілген карантин алынып тасталды, — деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.
Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, аталған базар дезинфекциядан өтіп, жіті тексерілген. Қазір қалыпты жұмысына оралған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 20 қарашасында «Асыл-Агро» базарындағы ірі қарадан сібір жарасы анықталған болатын. Осыдан кейін карантин енгізіліп, екі қызметкерге «сібір жарасының терілік түрі» диагнозы қойылды. Олар облыстық ауруханада толық емделіп, сауығып шыққан.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Сурет: freepik.com