Атырауда канал жағасында 3 гектар аумақта қамыс өртенді

rporp Жаңалықтар

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 15 наурыз күні 16:38 сағатта Атырау қаласы, Новокирпичный мекен жайында орналасқан каналдың жағасында қамыс жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түсті.

«Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Атырау облысының Төтенше ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нен 3 арнайы техника, 9 қызметкер шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде «Атақоныс» шаруа қожалығының аумағында далалық шөптердің жанып жатқандығын анықтады. Өрт сөндірушілер ауданы 3 га жердегі камыстың жануын сөндіру жұмыстарын жүргізді. 19:50 сағатта жану толықтай жойылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз