Атырауда жоғалған зейнеткерді тікұшақпен іздеуде (+ФОТО)

2202071442228092g Жаңалықтар

Атырауда із-түзсіз жоғалған зейнеткерді іздеуге тікұшақ тартылды.

«Қазақпарат» мәлім еткендей, 29 қаңтардан бері Атырау облысында 65 жастағы зейнеткер іздестіріліп жатыр. Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұрған зейнеткер 28 қаңтарда кешкі сағат 19:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері әлі табылмай жатыр. Кейін оны сүңгуірлер Жайық өзенінен іздеді. Тіпті жоғалған ер адамды іздеуге көкпаршылар да қосылған еді.

2202071442242601g

«Махамбет ауданының Бейбарыс ауылындағы үйінен 28 қаңтарда белгісіз бағытқа шығып кеткен зейнеткерді іздестіру іс-шарасы әлі жалғасып жатыр. Оны іздестіруге кеше, 6 ақпанда тікұшақ тартылды. Тікұшақпен Сарайшық және Бейбарыс елді мекендерінің маңынан 50 шақырым радиуста, Жайық өзенінің бойымен әуеден барлау жүргізілді. Жоғалған зейнеткерді іздестіруге төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер, «Казавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағының 3 адамдық экипажы мен туыстарынан 3 адам қатысты» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

2202071442258211g
2202071442273220g
220207144217130e
2202071442289330g
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз