IMG 20171211 WA0037

«Ауған соғысындағы атыраулық жауынгерлер шежіресі» кітабының тұсауы кесілді

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Атырауда Ауған соғысының 38 жылдығына орай «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауған соғысына қатысқан атыраулық ардагерлер ерлігін баяндайтын кітаптың таныстырылым кеші өтті,-деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171211-WA0037

Аталмыш кітапта облысымыздан Ауған соғысына қатысқан 546 жауынгердің өмірбаяны мен естеліктері жазылған.

Басылым Атырау мұнай және газ институтының доценті, ұстаз Айгүл Ермекованың бастамасымен жарыққа шықты.

IMG-20171211-WA0038

IMG-20171211-WA0036

«Жерлес жауынгерлеріміз туралы кітап құрастыру ойға келгеннен бастап өз қаражатыммен еліміздің бірнеше облыстарын аралап, атыраулық Ауған соғысының қатысушыларын іздедім. Іздеу барысында 400-ден аса жауынгерлермен кездестім. Олар сақтаған құпия, естеліктер келешек ұрпаққа жету керек деп ойлаймын. Осы мақсатта 3 жылдың ішінде барлық ардагерлер мен облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында кітап оқырмандарына жол тартты»,- дейді басылым авторы.

IMG-20171211-WA0039

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бастаған әр өңірдің қоғамдық ұйым мүшелері, облыстағы Аудан соғысы ардагерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Шара соңында өңір ардагерлері облыс әкімінің, Ауған соғысының ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы атынан алғыс xаттармен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» және Хиуаз Доспанова атындағы медальдармен марапатталды.

IMG-20171211-WA0035

Айқара Ғұмар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған