Атырауда итті айуандықпен қорлаған жауыз жігіт жұрттың наразылығын тудырды (+ВИДЕО)
Аtr.kz/1 маусым, 2020 жыл. Атырауда «шашлық жасаймын» деп итті айуандықпен қорлаған жас жігіт жұрттың наразылығын тудырды.
Иттің басын тоңазытқыштың есігіне қыстырып, үстінен секірген жігіттің бейнежазбасы қараған жанның төбе шашын тік тұрғызады.
Әлеуметтік желіде жас жігіттің итті қатал жолмен қорлап жатқан бейнежазбасы пайда болды. Бұл көпшіліктің ашуы-ызасын туғызды. «Доброе сердце» инстаграм парақшасында жарияланған бұл видео «Ватсапп» қосымшасы арқылы жұртшылыққа кеңінен тарап үлгерді. Полиция қатыгез тұрғынды қолға түсірді.
Басы жаншылған иттің жанайқайы шығып жатқанда, бейнежаба авторы жануарды жайына жіберуді сұрайды. «Мака, шашлык жасама, керек емес» дейді ол. Бірақ, әлгі жігіт итті қорлауын тоқтатпады.
Полиция күдіктіні ұстады.
«Оқиға 31 мамыр күні Еркінқала ауылында орын алған» деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментіндегілер.
Айта кетейік, бұған дейін де Атырау қаласының маңында иттерге оқ атқан екі жігіттің видеосы пайда болған еді.
«Доброе сердце» бетшесінің әкімшілеріне осы жарияланымнан кейін қоқан-лоқы жасалған. Белсенділер қатыгез азаматтың Атырау қалалық ветеринарлық стансасында жұмыс жасайтынын анықтады.
ПД-нің мәліметінше, бұл жағдай 30 мамырда болған. Құқықбұзушылар құрықталды.
«Екі дерек бойынша да ҚР қылмыстық кодексінің 316-бабымен («Жануарларға қатыгердік жасау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтілді аталған мекемеде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ