Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда ішімдік сатқан кәсіпкер лицензиясынан айырылды

«Дүкен 21 жасқа толмаған атыраулыққа кешкілік мезгілде ішімдік сатқан» деп хабарлайды Atr.kz

Лицензиясынан айырылған кәсіпкердің дүкені Атырау қаласындағы Құрманғалиев көшесінде орналасқан.

«1 ақпан күні сағат 22:10 шамасында учаскелік полиция инспекторлары 51 жастағы кәсіпкердің 21 жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімдерін сатқанын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық тураълы кодексінің 200 бап, 1 бөліміне сәйкес хаттама толтырылды. Сот шешімімен кәсіпкер бір ай мерзімге алкоголь өнімін саудалау лицензиясынан айырылды. Және оған 81 676 теңге көлемінде айыппұл салынды» делінген Атырау облысы полиция департаменті баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін Атырауда 4 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button