Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарСаясат

Атырауда «Өңірлік дамуды трансформациялау» тақырыбында семинар өтуде

Atr.kz/11 наурыз. 2019 жыл. Бүгін Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Өңірлік дамуды трансформациялау» тақырыбында семинар басталды.

https://youtu.be/P-fkzy7T2zo

Атырау, Құлсары жəне жеті аудан əкімі қатысқан шараны облыс əкімі Нұрлан Ноғаев алғысөзбен ашып, мемлекеттік қызметшілердің кəсіби дағдыларының дамуына сəттілік тіледі. Атырау облысындағы барлық аудандық әкімдіктер халықпен байланыс орнату үшін Telegram мессенджерінде чат-канал ашты.

Мемлекеттік басқару академиясы Атырау филиалы басшысының міндетін атқарушы Жаннат Нұртілеуованың айтуынша, Атырау қаласы мен аудандарының әкімдері 40 академиялық сағат лекция тыңдап, интерактивті сабақтарға қатысады. Түрлі деңгейдегі әкімдердің алдында сөз сөйлеген облыс басшысы тұрғындармен өзара байланыстың тиімді технологиясын білудің және білім деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдардың алдында мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша жауапты міндеттер тұр. Барлық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс», — деді Нұрлан Асқарұлы. «Көп ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таралады. Бұл бағытта жұмыстанып жатырмыз.

Telegram желісінде чат-канал ашылды, мобильді қосымша қаладағы проблемаларды шешуге ықпал етуде, мемлекеттік органдардың басшылары әкімдіктің ресми парақшасы арқылы әлеуметтік желіде тікелей байланысқа шығады. Telegram-да барлық аудан әкімдіктері чат-канал ашты, сонда тұрғындар өздерін мазалаған мәселеге жауап алады. Бұл шағымдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», — деді әкімдерге Нұрлан Ноғаев.

20190311170856
Түрлі деңгейдегі әкімдердің алдында сөз сөйлеген облыс басшысы тұрғындармен өзара байланыстың тиімді технологиясын білудің және білім деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, билік пен халық арасындағы байланысты жедел, тиімді ету бағытында жұмыстар жүргізу керек.

«Мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде жергілікті жұртшылықпен байланыста болу, халықты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жұмылдыру басым бағытқа ие. Мемлекеттік қызметші жай ғана орындаушы емес, ол стратегиялық ойлай білуі, бюджеттендіруді, жобалық менеджментті білуі, сараптама жасауы, қауіп-қатерді көре алуы керек», — деді облыс әкімі.

Аудандық әкімдіктердің чат-каналдары:

  • Жылыой ауданы — t.me/zhylyoi_akimat
  • Индер ауданы — t.me/akimatinder
  • Махамбет ауданы — t.me/mahambet_akimat_official
  • Исатай ауданы — t.me/akimat_isatay
  • Мақат ауданы — t.me/akimat_maqat
  • Қызылқоға ауданы — t.me/qyzylqoga_akimat
  • Құрманғазы ауданы — t.me/akimatkurmangazy
20190311170905

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА.

Бейнежазбаны түсірген автор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button