![Атырауда ірі жол апатынан үш адам қаза тапты 1 7dc6d89a 7d09 4658 89c9 20335315f6b9](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/03/7dc6d89a-7d09-4658-89c9-20335315f6b9.jpeg)
Жаңалықтар
Атырауда ірі жол апатынан үш адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 9 наурыз күні «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында болған.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, Ларгус және Уаз автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.
Салдарынан оқиға орнында Ларгус автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994 және 2022 жылы туған жолаушылары қаза тауып, және Уаз автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.