Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ірі көлемде есірткі сатқан Қарағанды облысының тұрғыны анықталды

Атыраулық полицейлер ірі көлемде есірткі сатқан өзге облыс тұрғынын анықтады.

«Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Авангард мөлтек ауданында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысатын 2003 жылғы Қарағанды облысының тұрғынын анықтады. Сараптама қорытындысы бойынша салмағы 6,2 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3- тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button