Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда интимдік қызмет көрсететін притондарға рейд жүргізілуде

Атырау облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айырумен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеумен байланысты қылмыстарды анықтау бағытында рейд жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

«Аталған заң бұзушылықтарды ашу, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу және адамдарды тасымалдауды анықтау бойынша рейд жұмыстар жасалуда. Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іс-шара кезеңінде ойын-сауық орындарында, монша кешендерінде, қонақ үйлерде, жалға берілетін пәтерлерде, рейд жұмыстарын уақытылы жүргізіп келеді. Бір күндік емес, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», деп жазылған Атырау облысы ПД-нің фейсбук парақшасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button