АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ТАПАНШАМЕН ҰСТАЛДЫ

screenshot 20220530 154922 Құқық

Деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тыйым салынған кітаптар тәркіленді.

Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында 1993 ж.т. деструктивті діни ағым өкілін анықтап, тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізу кезінде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапаншасы, 14 дана патрондары, Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған мағлұматтар бар 5 дана флеш карта мен 17 дана діни кітаптар тәркіленді.

Күдікті ҚПК-тің 128-бабының негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 Полиция бөлімімен ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз