Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда интернат тәрбиешілері мүгедек балаларды сабаған

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Атырауда интернат тәрбиешілерінің мүгедек балаларды сабағаны анықталды.

— Сөйлеу қабілетінің кемістігі бар балаларға арналған Атыраудағы мектеп интернаттың жұмыс барысының тексеру қорытындысы облыс прокуратурасында талқыланған болатын. Мұнда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 98 мүгедек бала тұрақты тұрып жатыр. Оларға күш көрсету фактілері бар екендігі анықталыпты.  Тәрбиешілер ұзақ уақыт ойына балаларды сабап, жұмыс жасауға мәжбүрлепті,- деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сөйлей алмайтын балалар бұл туралы ешкімге шағымдана алмаған.

  • Тәрбиешілер, тіпті, бейнекамералардан да қаймықпаған. Өкінішке орай, 2018 жылдың желтоқсанынан үстіміздегі жылдың қаңтар айы аралығындағы бейнежазбаларды қолға түсіре алдық. Бірақ, осының өзі сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастап кетуге толықтай мүмкіндік беріп отыр,- деп атап өтті облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.
2016053116240666753 964339400

Тергеу полиция органдарымен Қылмыстық кодекстің 140- бабы, 2- бөлімі (кәмелетке жасы толмағандарды тәрбиелеуге қатысты міндеттерді орындамау) бойынша жүргізілуде.

«Балаларға зорлық- зомбылық көрсеткен мекеменің қызметкерлері жұмыстан босатылды. Істің барысын облыс прокуроры қадағалауда», — деп нақтылады қадағалаушы орган өкілдері.

Дереккөз: Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button