Атырауда халықаралық домбыра фестивалі өтті (+ВИДЕО)

JNRI8477 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/4wnNQPj7XYA

Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл. Атырауда халықаралық «Saz Perneli Sarayshyk» фестиваль-байқауы өтті.

Кең ауқымды шараға әлемнің 12-ден астам өзге ұлт өкілдері қатысты. Мерекелік фестивальден өзге Сұлтан Бейбарыс алаңында көрермендер мен фестиваль қонақтары үшін Семей, Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарының және жергілікті тарихи мұражайларының қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Мұнда көрермендер қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерімен, домбыралардың түрлерін, сондай-ақ ұлттық әйелдер киімін және XIX және XX ғасырдың басындағы әйелдер киімдерінің үлгілерін көре алды.

Өз сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ халқының мәдениеті мен тарихында домбыраның маңыздылығын атап өтті.

– Домбыра – қазақ халқының жүрегі, өмірі, өткені мен бүгіні. Музыка ата-бабаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болды. Домбыра түркі халықтарының әлемге сыйға тартқан ең ірі өнертабыстарының бірі деп танылып, қазақ халқының ұлттық символына айналды, олардың ұмтылысы мен даналығын сіңірді. Бұл фестиваль жасөспірімдердің домбыра мен ұлттық өнерді үйренуге қызығушылығын арттырады деп сенемін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Гала-концертте көрермендерге театрландырылған қойылымдар, домбырашылардың халық шығармашылығымен жарқын көріністері ұсынылды, сондай-ақ ұлттық киімдері көрсетілді. Соңында әр аталым бойынша жеңімпаздарға жүлделер мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз