Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда GN академиясы ашылды

Табысқа жетуге болатын бизнес дегеніміз не және кәсіпкерлер осы жолда туындайтын қиындықтарды қалай жеңе алады? Мұны жергілікті кәсіпкерлердің біріне-бірі мүлдем ұқсамайтын үш түрлі жағдайын мысалға келтіре отырып қарастырып көрейік. Басты мақсат – қандай кәсіп түрінің бизнес иесін табысқа жетелейтінін түсіндіру. ​Осы мақсатта биыл Атырауда GN академиясы ашылды. 

8e939e09 2552 4736 a6c0 ac220f0292af

Бірден айта кету керек, мұның артында қонақжайлылық индустриясы қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға мамандандырылған білім беру жобасын жасаған екі адамның есімдері аталады. Олардың бірі — осы салада отыз жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы Гүлназ Омарова. Сонымен бірге ол Алматы мен Атыраудағы төрт бес жұлдызды қонақүйлердің негізін қалаушы. Ал екіншісінің есімі Нұрсұлу Асанова. Оның бұл саладағы жұмыс өтілі — 22 жыл. Осы кезеңде еліміздегі жетекші компанияларда шипажайлар мен қонақүйлердің  қызметтерін сәтті басқарған.

0816a77d 522d 4100 87ac 5653f223b08d

​Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Атыраудан академия ашып отырған осы екі замандасымыз қонақ үй бизнесіне бет бұрған, оның қыры мен сырына үңіліп, табысқа жетудің құпиясын біліп, сервистік қызмет көрсету мектебін меңгергісі келетіндерге көмектесіп жан-жақты қолдау танытып, дамытуды көздейді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button