Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда геологтар күні аталып өтті

Сәуірдің алғашқы жексенбісі — Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі. Осыған орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты жиынға Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов, өңірдегі геологтар мен сала ардагерлері, кен орындарының басшылары қатысты.

Шарада облыс әкімі геологтарды төл мерекесімен құттықтап, ел экономикасын дамыту жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

339623708 2015074345345496 5966558883614532193 n

– Қазақта «Әлемнің барлық жақсылығын көрсең де, адамзат қызыққа тоймайды» деген сөз бар. Геологтар әрдайым ізденісте жүреді. Сіздер – жер қойнауындағы табиғат ана берген қазына байлықты тауып, оны халықтың игілігіне пайдалануды мақсат тұтқан алдыңғы шептегі азаматсыздар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халыққа еңбекақы, зейнетақы төлеуге мүмкіндік болмағанда, қазба байлықтарымызды кәдеге асыру үшін өңірімізге ірі инвесторлар келді. Біз геолог мамандардың тапқан жер астындағы қазбаны тиімді пайдалану арқылы экономикамызды көтердік. Бұл – аға-буынның келешек ұрпаққа салған сара жолы. Сіздер геологиялық барлау жұмыстарын мойымай, абыроймен атқардыңыздар. Бұл ерлікпен тең. Әрқашан еліміз үшін істеген істеріңіз жемісті болсын, — деді С. Шәпкенов.

339519881 717104073529573 4514304209777659756 n

Шара барысында еліміздің мұнай-газ, энергетика және геология саласына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің, «Kazenergy» қауымдастығының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button