Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда газ құбырына соқтығысып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

«Полиция газ құбырына соқтығысып, оқиға орнынан кетіп калған 43 жастағы жүргізушіні анықтады» деп хабарлайды Atr.kz

19 сәуір күні сагат 19:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, белгісіз көліктің Құрсай ауылы, Ақжонас көшесіндегі газ құбырына соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғандығы жөнінде хабарлама берген.

Хабарлама бойынша патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде,
КАМАЗ 65115 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі анықталды.


Ол өзінің оқиға болған жерден білместікпен кетіп қалғандығын айтып, кінәсін толықтай мойындаған.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігімен ( Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

img 20210422 wa0163

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button