Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ғасыр жасаған ананы ардақтады

Бүгін “Ақ Желкен” шығармашылық орталығында екі ғасырдың куәсі болған, сұрапыл соғыс кезінде еңбек етіп, майдангерлерге қол ұшын созғар Күлима Дәулетоваға облыс басшылығы мен ардагерлер кеңесі “Ардақты ана” төсбелгісін табыс етті.  

6818e7d9 dcec 4b30 8ceb 1239804e52d8

1926 жылы дүниеге келген ардақты ананың балалық шағы қазіргі Индер ауданындағы Қаңбақты ауылында өткен. Анасынан ерте айырылған ол оқу-білімге жақын болса да еңбекке ерте араласқан. 9 жасында мектепке табалдырығын аттап білім нәрімен сусындап жүргеніне қарамастан жасөспірім шағында Астрахан темір жолын салу жұмыстарына жіберіледі. 1942-1945 жылдары сол темір жолда жұмыс жасайды. 1945 жылы, Қызылқоғаға Қаңбақтыдан 105 кісіні бірнеше күн бойы жаяау алып барып,су жүретін канал қазуға да қатыстырады. Сөйтіп, еңбек майданында ерте шыныққан қаршадай қыз өмірдің соқтықпалы кезеңдеріне мойымады. 

63e7be11 3a6f 4eb1 bf36 27290445f13c

Бүгінде 96 жастағы ана ұрпағының ортасында бақытты өмір сүріп жатыр. Үш ұл, бір қыздан тараған немере-жиен, шөберелерінің қызығын қызықтап отырған Күлима ананың балалары қоғамда белсенді қызмет атқарып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүр. 

-Ата-ананың басты арманы ұрпағының қызығын көру болса, сол өзінен тараған ұл-қыздардың құрметінен асқан бақыт жоқ. Өзім “Елсанадан” түлеп ұшқандықтан бұл руханият ордасының қандай белестерді бағындырып, ұлттық құндылықтарды ұлығылау мақсатында игілікті іс тындырғанын білемін. Сондықтан, кішіге әрдайым ақыл-кеңесін айтып, жол сілтеп отыратын аға, тілеуімізді тілеп жүретін аналардың орны бөлек,-деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. 

Сондай-ақ, ол қала әкімі Мейірім Қалауидің атынан ғасыр жасаған ананы “Ардақты ана” төсбелгісін алуымен құттықтап, шынайы тілегін жеткізді. 

Айбөпе Сабырова

Суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button