Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда ғаламтор алаяқтарына алданатындар көп

Atr.kz/16 ақпан, 2020 жыл. Атырауда алаяқтар жасайтын қылмыстық әрекеттер азаяр емес. Өңір тұрғындары әсіресе, интернет желісіндегі алаяқтарға жиі алданады.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиевтің айтуынша, алаяқтардың қатысуымен 1215 қылмыс тіркелген. Соның ішінде интернет желісімен 452 қылмыс жасалған.

«Алаяқтық қылмысты өзге өңірден келгендер де жасайды. Мәселен, былтыр жедел іздестіру барысында ұсталған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны атыраулықтарды әлеуметтік желі арқылы 15 рет алдаған. Сондай-ақ, алаяқтардың қатарында Алматы мен Маңғыстау облысының тұрғындары да бар. Ал, Атыраудан 4 алаяқ ұсталды» -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиев.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyraudaғy-tilsiz-zhau-neden-tұtandy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button