Атырауда фитнес-орталықтар уақытша жұмыстарын тоқтатты
Atr.kz/16 наурыз, 2020 жыл. Әлемде және елде орын алып жатқан жағдайларға байланысты Атырауда фитнес-орталықтар өз жұмысын уақытша тоқтата тұрады.
«Біз бүгінгі Президенттің халыққа Үндеуі мен жарияланған төтенше жағдайға орай, 12 сәуірге жоспарланған «Атырау-марафон» шарасының өту мерзімін аустыруға шешім қабылдадық, — дейді «Атырау-марафон» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті, «Инфинити» фитнес-орталықтар желісінің атқарушы менеджері Юрий Понамарев. – Сонымен бірге, аталмыш фитнес-орталықтар қызметін 15 сәуірге дейін тоқтатқанды жөн көрдік. Өз тарапымнан алдын-ала сақтық шараларын ұстануға шақырамын».
Бұған аталған орталықтар желісінің 2000-нан аса тұтынушысы түсіністікпен қарайды деп сенім білдірді ол. Ал, орталық мамандары мен қызметкерлеріне тиісті жалақы толығымен аударылатын болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото мен видеоны түсірген – автор