
ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда фитнес орталығынан 159 мың теңге ұрлаған азаматша анықталды
4-15 қаңтар күндері Атырау қаласы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан фитнес орталығына келуші бес азамат, киіну бөлмесінде тұрған қомақты ақшаларының жоғалғаны жөнінде арызданған. Келтірілген залал – 159 000 теңге.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері орталықтағы жаттығушылардың ақшаларын қолды қылған 31 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады.
Аталған ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігі және 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері азаматтардан жеке заттары мен ақшаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.