Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда фестиваль өтеді

Кеше 10-11 маусымда өтетін «Infinity Жazz Festival 2023» фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті.

– Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін фестивальге «Qanay» және «Dequine» секілді әншілер қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған іс-шараға кіру тегін.

Фестиваль барысында 500-ден астам қала тұрғыны қатысатын Атырау марафонынан жазғы жүгіру өтеді. Жарыстың қашықтығы 5 шақырымды құрайды және старт фестиваль алаңы — Infinity Eco Park-тан басталады, — деді ұйымдастырушылар. 

Сондай-ақ, іс-шараның бас ұйымдастырушысы Абай Амировтың айтуынша, фестиваль аясында Pop Shop Atyrau киімдері мен аксессуарларының қазақстандық дизайнерлерінің көрмесі өтеді. Сонымен қатар, 12-18 жасқа дейінгі және 18 жастан жоғары қатысушылар арасында шахмат турнирі өтеді. 

– Турнирдің жүлде қоры 500 мың теңгені құрайды. Оған қоса шеберлік сабақтары, гек тауарларының жәрмеңкесі, фильмдер көрсетілімі, викториналар және жүлде қоры 200 мың теңге болатын косплей байқауы өтеді. YEMAA заманауи мәдениет орталығында өтетін барлық адамдар арасындағы Art Battle өтеді, — деді бас ұйымдастырушы.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button