Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда Еркінқала ауылында жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған жұмыс сапарында 500 орындық Қайтпай Сұлтан мешітінің іргетасын қалады.

«Салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты» деп хабарлайды amin.kz

Кәсіпкерлік қолдау арқылы салынатын мешіт құрылысы бір жылда аяқталады деп жоспарлануда.

Игі іс-шараны ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымызда: «Азаны бар ауыл азбайды», – деген нақыл бар. Мешіт – барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені. Бұл құлшылықтың ғана ордасы болып қалмай, рухани һәм мәдени-ағарту, бірлік пен берекенің ошағына айналады деген сенімдемін.
Жаңа мешіт, сонымен қатар, салт-дәстүріміздің, тағылымға толы тарихымыздың насихатшысы, әрі қайырымдылықтың орталығы болады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде: «Алла Тағала мешітті жақсы көрген пендені жақсы көреді», – деген. Сіздер мешітті жақсы көргендіктен, Алла үйін тұрғызуға үлес қосып отырсыздар. Хақ Тағала мол сауаптан жазсын» деді.

45584896 4123 42f5 aacc 1dc5a814e02f

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов те ізгі тілегін білдіріп, мешіттің қоғамда алар орнын айрықша атап өтті.

ae332e2c 66b1 4543 9515 cc6f6594bef6

Айта кетсек, Атырау қаласы маңындағы Еркінқала селолық округінен бой көтеретін Қайтпай Сұлтан мешіті жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша салынбақ.
Құрылысы бір жылда аяқталатын мешіт қазақы нақышта салынады деп күтілуде.

500 орындық мешіт ішінде Құран оқу бөлмесі, ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар болады. Мешіт жанынан асхана, имам үйі салынбақ. Бүгінде Атырау облысында 34 мешіт жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button