
Атырауда еркін күрестен халықаралық турнир басталды
Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде Кеңес Одағының спорт шебері, Мақат ауданының құрметті азаматы Ақмұрзиев Боран Шохманұлының рухына арналған еркін күрестен Халықаралық турнир өтуде.
2005-2007 жылы туған жасөспірім балуандар екі күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Сайысқа 11 командадан 300-ге жуық балуан қатысуда. Олардың ішінде Ресейден үш бірдей команда келген.
Турнирдің ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Атырау облысында күрес түрлері қарқынды түрде дамып келеді. Соның дәлелі ретінде осы Боран Шохманұлы атындағы турнирді атап өтуге болады.
Турнир барысында бір топ спорт жанашырлары Атырау облысы еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясы атынан алғыс хаттармен марапатталды.







